«Ол мені сүйді!» Баян Мақсатқызы алты жылдан кейін күйеуімен кездесті

0

Әлеуметтік желідегі түрлі парақшаларда Баян Мақсатқызы мен экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың тілдескені жайлы ақпарат қызу талқылануда. Атышулы продюсер алты жылдан кейін бұрынғы жұбайымен сөйлескен сәтті бүкпесіз баяндап берген, деп хабарлайды Kznews.kz сайты zhuldyzdy_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі таңда ол Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында отыр. Таяуда Алагөзова өз қалауымен балаларының әкесімен сөйлескенін мәлімдеді.

«Алты жыл бойы мен онымен байланысқан жоқпын. Өткен аптада өз қалауыммен екеуміз сөйлестік. Мен оны, оның ұстанымын естігім келді. Өйткені, қайталай бергім келмейді, ол менің балаларымның әкесі. Өзіне де: «Сен менің балаларымның әкесі болып қала бересің, ол үшін саған алғысым шексіз», — деп айттым. Алты жылда біраз нәрсе өзгерді, өткен іс өтті. Қазір екеумізді қыздарымыз бен немеремізден басқа ештеңе байланыстырмайды. Болмысынан салқындық сезілді, әрине. Бірақ ол өзін жақсы ұстады, мен де», — деді Баян Мақсатқызы.