«Ол мас!» Тәртіп сақшысы жантүршігерлік жол апатын жасады – видео

0
224
Азияда

Қысқа сілтеме алу

104 0 0

Апаттан әйел көз жұмды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда Mercedes-Benz пен Toyota Avensis көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды.

Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға оқырмандардың бірі хабарлап, жол апатынан кейін түсірілген видеоны жолдады.

 Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі – милиционер мас болған. Toyota Avensis-тің 34 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Кәгерлердің айтуынша, әйел жүкті болған. Сондай-ақ Mercedes-Benz көлігінің  жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Видеода оқиға орнында болғандардың бірі Mercedes-тің жүргізушісі мен жолаушысы мас болғанын айтады.

Бішкектің Жол қозғалысы қоғамдық қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі жүргізушілердің бірі  милиционер болып жұмыс істейтінін растады.

«Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі Октябрь ауданы ІІБ-нің 26 жастағы қызметкері болып шықты. Ол жолаушымен бірге аурухана жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша,  Mercedes жолдың қарсы бетіне шығып кеткен», — деді басқармадағылар.

Жол апаты дерегі бойынша барлық материал тергеу бөліміне берілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/