«Ол мас!» Тәртіп сақшысы жантүршігерлік жол апатын жасады – видео
Апаттан әйел көз жұмды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда Mercedes-Benz пен Toyota Avensis көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға оқырмандардың бірі хабарлап, жол апатынан кейін түсірілген видеоны жолдады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі – милиционер мас болған. Toyota Avensis-тің 34 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Кәгерлердің айтуынша, әйел жүкті болған. Сондай-ақ Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.
Видеода оқиға орнында болғандардың бірі Mercedes-тің жүргізушісі мен жолаушысы мас болғанын айтады.
Бішкектің Жол қозғалысы қоғамдық қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі жүргізушілердің бірі милиционер болып жұмыс істейтінін растады.
«Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі Октябрь ауданы ІІБ-нің 26 жастағы қызметкері болып шықты. Ол жолаушымен бірге аурухана жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes жолдың қарсы бетіне шығып кеткен», — деді басқармадағылар.
Жол апаты дерегі бойынша барлық материал тергеу бөліміне берілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/