«Ол көре алмады»: Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
20

Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғышы, танымал отандық әнші Әли Оқапов әкесіне деген сағынышын айтты. Одан бөлек, Әли өкініштің де барын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Juldyzdan Jaryq» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әкем қайтқанда мен 9-да болғанмын. 9 жас деген не? Екіншіден, осындай кешке мен енді жетіп жатсам, ол жете алмады, ол көре алмады өзінің ұлының қай деңгейге жеткенін, толық концерт жинағанын, әнші болғанын. Сол жетістіктерімді көрмей қалғанына өкініш бар. Шынымен, уақыт ешкімді аямайды екен», – деді Әли.

Ол, сондай-ақ, анасының қартайып бара жатқандығын және соны байқаудың өзі қиын екенін атап өтті. Әли әкесіз өскеннің қиын болғанын, әйелдердің ортасында ер жеткенін де жасырмады.

stan.kz