Ол кімнен бой тасалап жүр: «Дикий Арманды» іздеп жатқан жоқпыз» – Полиция

0

«Дикий Арман» деген лақап атпен танылған алматылық кәсіпкер Арман Жұмагелдиев жұрт айтып жүргендей, қылмыс әлемінің серкесі емес секілді. nege.kz порталының жазуынша, оны Қазақстанда ешқандай күштік құрылымдары іздеп жатқан жоқ.

Аталмыш порталдың жазуынша, осы жылдың ақпан айында инстаграмм желісінде тікелей эфирде отырған Арман Жұмагелдиевке оқырмандарының бірі «Қазақстанға қашан келесіз?» деп сұрақ қойған. Арман бұл сұраққа «Алла қаласа келеміз. Қазір Қазақстанға бара алмаймыз. Келсек әуежайдан шығармай, түрмеге қамап қояды. Амал жоғынан Стамбұлда жүргенімізге 3 жыл болды» деп жауап берген.

Осыдан кейін Nege.kz порталы А.Жұмагелдиевтің ел аумағында немесе халықаралық іздеуде бар-жоғын білмекке Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Шымкент қалалық Полиция департаментіне ресми сауал жолдаған.

Әзірге ІІМ-ден ғана жауап келген. Министрліктің ол жауабында Арман Жұмагелдиевті ешкімнің іздеп жатпағаны айтылған.

Қазақстанда қандай да бір мәселе бола қалса, артынша Арман Жұмагелдиев ой білдіріп, желіге видео немесе жазба қалдырады. Одан жәрдем дәметкен жұрт аз емес. Редакцияға хабарласып, А.Жұмагелдиевтің жеке нөмірін сұрап жатқандар да бар. Бәлкім, Жұмагелдиев ІІМ-ден емес, басқа органнан жасырынып жүрген шығар? Егер олай болмаса, «елге келсем, әуежайдан ұстап алады» дегенді айтпас еді ғой. Ендеше, басқа да құзырлы органдардан жауап күтеміз, деп жазған аталмыш дерек көзі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз