“Ол кезде ішкен жоқпын” — Мақпал Жүнісова әзілімен оқырмандардың ішек-сілесін қатырды

0

Әнші Мақпал Жүнісова архивтен видеосын жариялап, жазбасымен оқырмандарын күлкіге қарық қылды. Ол Орал қаласында концертте болған оқиғаны баяндап берді.

«Оралға жолға жиналып жатырмын, соңғы барғанда қандай көйлек киіп едім деп архивті ақтарсам, оралдық мықты әнші Еркін Өтегеновтің ән кешіне барыппын. Сонда апам шығып, «менің жас кезімде келгенімде таң атқанша отырып едік, Пивашевпен» дегенде шок болдым. Құлағына «апа, мен ол кезде «пиво» ішкен жоқпын деп сыбырлаймын. Сөйтсем бастықтарының тегі Пивашев екен, маған «пиво» ішіп отырғанбыз» деп естілді», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

фото: instagram.com/ zhunusovamakpal