Ол хат жазып, қайта-қайта кешірім сұрады: Назарбаев Мұхтар Аблязов туралы сұраққа жауап берді (видео)

0

Назарбаев “Хабар” телеарнасында көрсетілген деректі фильмде Мұхтар Аблязов туралы ойын айтты.

«Еш себепсіз, сен оған жақсылық жасадың, ал ол болса, қаралыққа толы жеккөрушілікпен жауап берді”, – деп бөлісті Елбасы. Ол реніштерді ұмытып, кешіруге тырысып жүргенін алға тартты. Себебі, сатып кеткен жан жайбарақат өмір сүре алмай, іштей сатқындығына күйініп жүретініне сенімді.

“Жақсылық жасаған адамға сатқындық жасайтындардың әрекеті жаман аяқталады, оларға тек бір жол ғана бар. Оларды кешірмеймін, ал қалғандарын кешіруге дайынмын. Бір кездері мен көптің алдында қашып кеткендердің, іздеу жарияланғандардың бәрін кешіруге дайын екенімді мәлімдеген едім. Тек сен келіп, кінәңді шынайы мойындап, ақшаны алған жеріңе қайтарып, халықтың алдында кешірім сұра. Ал біз сені жібереміз”, – деп есіне алды Тұңғыш Президент.

Алайда, елбасының айтуынша, әзірге ешкім жауап берген жоқ.

“Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі етіп тағайындадым, ол сол жерде тонаумен болды, ал мен оны көтермелеген едім. Содан кейін ол түрмеге отырды, хат үстіне хат жазды, оның достары, туыстары жазды – кешіріңіз, жіберіңіз. Мен, президенттің құқығын пайдаланып, оған рақымшылық жасадым, ол түрмеде отыратын еді, мүмкін олар тағы да қосар еді.

Содан кейін ол қайта сұранды, оны банкке кері қайтарды, сонда ол не істеді? Ол 7,5 миллиард доллар аударып, ұрлады, ал бүгінде бұл ақшамен батыста 15 жыл бойы өмір сүріп келеді. Ол қандай қаражатқа өмір сүруде? Ол онда жұмыс істемейді. Жалақы алмайды. Қай ақшаға өмір сүріп жатыр?”– деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл халық ақшасы, адамдардың жинап келген депозиттері болатын дейді Елбасы. Айтуынша, осы уақытқа дейін мемлекет бұл миллиардтаған ақшаны қайтаруға тырысып жатыр. “Туған жер, туған ел жақынырақ, мен оған мүлде қызғанышпен қарамаймын. Ол жұмыс істеп, өз Отанына көмектесе алатын еді”, – деді Тұңғыш Президент. Еске салсақ, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат “Әбу-Даби Плазаның” ең биік мұнарасын Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеген еді.