«Ол ешқашан шылым шекпеген»: Назарбаевтың курстасы студенттік кездері туралы айтты — новости Казахстана

0

Қарағанды ​​политехникалық институтында Қазақстан президентімен бірге оқыған Ермек Төлеубаев Tengrinews.kz сайтына Нұрсұлтан Назарбаевтың студент болған кездерін қалай еске алатыны туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

аарара

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото архив: Ақорда

Ер адамның айтуынша, олар бір оқу орнында оқып, жатақханада бір бөлмеде тұрған. Сонымен қатар, жастар ең төменгі шарттармен өмір сүруге мәжбүр болыпты. Ол кезде тіпті үстел де болмаған екен.

Төлеубаевтың айтуынша, студенттерге берілген стипендияның аздығы соншалық, кейде тамақ сатып алуға да ақша жетпеген.

«Институтта бір стакан шай мен нан алып жейтінбіз — ол кезде бұл тегін болды», — деп есіне алды Ермек Төлеубаев.

Осы орайда, ол кеңес кезіндегі тәрбиеленушілердің мұндай қиындықтарға мойымай, бір-бірін қолдауға тырысқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Төлеубаев мырза Елбасының адамдарды біріктіруде талантты болғанын және оны қажет ететіндерге қолдау көрсетуге тырысқанын еске түсіреді.

«Орыс тілін білмейтін ауылдық жерлердегі балалар да бізбен бірге оқыды. Назарбаев сол кездерде оларға көмектесіп, аударып беріп отырды», — деді ол.

«Жəне де ол ешқашан шылым шеккен емес», — деп таңғалды президенттің бұрынғы курстасы.

Содан бері 60 жыл өтсе де бұрынғы жолдастар әлі де достық қарым қатынаста көрінеді.

Сондай-ақ, Ермек мырза мемлекет басшысы туралы ғажап фактіні атап өтті.

«Мен оның есте сақтау қабілетіне таң қалдым, ол әңгімелескен адамдарының бəрін жақсы біледі», — дейді Төлеубаев.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада президент өзінің жастық шағын есіне алып, 15 жасқа дейін ешқашан тойып тамақтанбағанын айтқан болатын.