«Ол біздің қызымыздай еді»: Бишімбаевтың ата-анасы Нүкенованың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

0

Әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уалихан Бишімбаев пен анасы Альмира Нұрлыбекова ұлының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың не екенін білмей өскенін айтады. Сотталушының ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске берген сұхбатында баласының қандай қамқор екенін және онымен мақтанатынын жеткізді.

Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлын жауыз көретін адамдардан бөлек өзін, отбасын қолдайтын жақсы жандардың барын айтты.

“Бұл үлкен трагедия. Мен Салтанаттың ата-анасын өте жақсы түсінемін. Біздің отбасыда да қайғырып отыр. Баламыз қамауда отыр. Әлеуметтік желіде негативті материалдар өте көп. Десе де жақсы адамдар да жоқ емес. Жағалау жатқан өтіп бара жатқанда менің жаныма 40 жас шамасындағы әйел келді. Мен бастапқыда “тағы да жағымсыз дүниелер еститін болдым” деп ойлаған едім. Бірақ керісінше, “Апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасы екенсіз. Мықты болыңыз. Біз сізді түсінеміз және қолдаймыз” деп демеу берді. Сол кезде жеңілдеп қалдым. Адамдардың бәрі бірдей зұлым, қатігез емес екен. Түсінігі мол азаматтар да бар екен. Бұл үлкен қайғы. Мұны ешкімнің басына бермесін. Бірақ мұндай жағдай кез келген адамның басынан өту мүмкін”, – деп ескертті Альмира Нұрлыбекова.

Ол Қуандық Бишімбаевтың жақсы қасиеттерін жіпке тізгендей баяндады.

“Мен ұлымды өте қатты жақсы көремін, біз онымен мақтанамыз, әрқашан оған сүйсіне қарайтынбыз. Бірақ осылай болып қалды. Әкесі екеуіміз бұл жағдайдың қалай, не үшін болғанын түсіне алмай далмыз. Ол қатігез адам емес еді. Бала кезде де, жастық шағында да, жұмыс істеп жүрген кезінде де жауапты, әділетті адам болды. Біз үшін ол өте жақсы бала. Ол әрқашан бізге қамқор болды. Осыдан үш жыл бұрын әкесі қатты ауырып қалды. Ол дәрігерлерді тауып, әкесін емдетіп, жазды. Әрқашан бізге алаңдап отарады. Ол Астанада болғанда да біздің жасымыз келгенін, оның қамқорлығына зәру екенімізді айтып, бәріміздің бір жерде тұруымызға жағдай жасады. Ол біздің өзінің жанында, көз алдында болғанын қалады”, – дейді экс-министрдің анасы.

Ақпарат: Stan.kz