Ол бейбіт тұрғындардың артық шығынға ұшырауын қаламады

0

Өз-өзіне қол жұмсаған Жамбыл облысы ІІД бастығы қарамағындағыларға тәртіпсіздік жасаушыларға оқ атпауды бұйырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Тәртіп сақшылары полиция департаментінің ғимаратынан қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні бөлімге шабуыл жасалған кезде шығып кеткен. Аты-жөнін атамауды өтінген полиция қызметкерлерінің Orda.kz сайтының арнайы тілшісі Исламбек Дастанға айтуынша, ашық қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындардың зардап шегу қаупі тым жоғары болған.

«Оның бұйрығында ешқандай арам ниет болған жоқ, ол жай ғана бейбіт тұрғындардың артық шығынға ұшырауын қаламады. Себебі бұл бөлім қаланың орталығында еді. Сонымен қатар шабуылдаушылардың алдын ала дайындалғанын ешкім білген жоқ», — дейді Сүлейменовтың қарамағындағылар.

Олардың айтуынша, бүлікшілер өздерімен алдын ала «болгаркаларды» алып келгенін, олардың көмегімен қару-жарақ бөлмесінің темір есіктерін ашқандарын айтады. Ал полицейлердің арсеналы қаскүнемдердің қолына түскен.

Бүгін, 11 қаңтар күні Таразда халық Жанат Сүлейменовпен қоштасты. Жергілікті полиция қызметі алдындағы парад алаңында ПД жеке құрамы генералға соңғы құрмет көрсетті. Оның денесі Қазақстанның астанасына жеткізіледі.

Сүлейменовты өз бұйрығы үшін трибунал қорқытты ма, ешкім білмейді. Бірақ әріптестері оның нағыз офицер сияқты әрекет етіп, болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алғанын алға тартады.

Айта кетейік, генерал Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған болатын.

Исламбек Дастан