Ойын кезінде футболшының желкесі үзіліп кетті

0
Ойын кезінде футболшының желкесі үзіліп кетті


Оңтүстік Кореяның «Гвангю» футбол командасының қорғаушысы Сюнг-Мо Ли «Тэджон Ситизен» командасымен плей-офф матчінде ауыр жарақат алды.

Ойын басында 20 жастағы футболшы допқа секіргеннен кейін қарсыласынан барып ауып желкесімен түсті. Ойыншы бірден есінен танып қалды. Оның желкесі үзіліп кеткені хабарланып отыр. 

Футболшыға бірден төрешілер мен клуб дәрігерлері келді. Оны зембілге салып, көлікке алып кетті. Ойын «Тэджон Ситизен» командасының жеңісімен аяқталды — 1:0. Сюнг-Мо Ли 2018 жылғы маусымда тоғыз матч өткізіп, бір гол салған.

Дереккөз: vesti.kz