«Өгей шеше өгейлігін көрсетеді»: Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты

0

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы блогер, кәсіпкер Гүлеркем Ниязқұлова өнер иесінің екінші әйеліне қатысты жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Абай Бегейдің бірінші жұбайы жүрек талмасынан көз жұмған еді.

“Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды. Өгей шеше өгейлігін көрсетеді”, – деп жатады көпшілік. Ол рас, өз анаңның орнын ешкім де баса алмайды. Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жыл қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ әкеміздің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді… “Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?” деген жандарға дәл осы видео қысқаша жауап болсын”, – деп жазды блогер ару.

Желі қолданушылары блогердің анасын есіне алып, тіршілігінде қандай адам болғанын жарыса жазып жатыр.

“Нұржанатпен балабақшада жұмыстас болдық. Абайдың оған көзқарасы басқаша болды. Бәрі Нұржанаттың ішінде кетті. Балаларын бақшадан да өзі алатын. Өзі ғана қарап, бағып жүрді. Абай балаларын бір рет те балабақшадан алмаған адам. Біз білеміз. Қазіргі өмірі күшті болар?!”, “Фариза күшті әйел болып отыр. Бақытын еселесін!”, “Мыналардың бәрі оранып алыпты”, “Фаризадай болу үшін үлкен жүрек керек” деп жазып жатыр оқырман қауым.

Айта кетейік, Абай Бегейдің қызы қажылыққа жолдама сыйлағанын жазған едік.