Өгей әкесі 5 жасар баласын аяусыз ұрып өлтірді

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

33801

5 жасар бала дене жарақатынан аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған

ШЫМКЕНТ, 10-желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде 5 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды өңірдегі тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Сәденованың айтуынша, оқиға желтоқсанның 5-і күні кешке болған. Полиция департаментінің кезекші бөліміне облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 5 жасар баланың ауыр хәлде түскені хабарланған.

Алғашында баланың әке-шешесі оның екі қабатты кереуеттен құлап түскенін айтқан. Десе де, сот-медициналық сараптаманың алдын-ала қорытындысы бойынша сәбидің дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. 

«Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деді Сәденова.

Полицияның хабарлауынша, баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталып отыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/