«Оған уақыт болмай жатыр»: Тұрар Ыдырыс «қайтыс болды» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Әнші Тұрар Ыдырыс TikTok желісінде “қайтыс болды” деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жалған ақпарат таратқандардың туған жылынан қателескенін жеткізді.
“Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық. Әнші Тұрар 27 жасында қайтыс болды. Иманды болсын, жаны жәннатта болсын», – делінген тараған жазбада.
Өнер иесі бұл жазбаны көрген бойда оның астына пікір қалдырды.
«Мен 96 жылғымын ғой. Жалған ақпарат», – деп әзілдеді эстрада жұлдызы.
Одан кейін әншінің тыңдармандары бірден оны сұрақ астына алып, “Сені өліп қалды деп жазып жатыр” деді. Алайда желі жұлдызы гастролдік сапарға шығып кеткенін айтты.
«Оған уақытым болмай жатыр. Бір күннен кейін Өскеменде концерт», – деп жауап берді.