«Офицерлерді ғашық етемін»: Трансгендер Амилай әскерге шақырту алды

0

Амилай атымен танымал трансгендер өзіне әскерге шақырту келгенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы әскерға шақырту қағазын көрсетіп, оықрмандарын шулатты.

“Маған қоңырау шалып: «бауырым, сен қайдасың?» Мен бауырым емес, қарындасыңмын деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты», – деді желі белсендісі.

Сондай-ақ ол әскерге барынша әдемі болып баруды жоспарлап отырғанын жасырмады.

Мен армияға дайындаламын. Шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын.  Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деді трансгендер.

Еске салайық, «Ұлдарымды жіберуге қарсымын» деп отандық шоу-бизнес өкілдері әскердегі әлімжеттікке қатысты ойларын бөліскен еді.