Облыстық прокурорды өлтіріп кетті | КТК
Қырғызстанның Баткен өңірінде облыстық прокурор Анарбай Масажақыповты өлтіріп кетті.
Фото: kabar.kg
14:00 18.11.2018
18-қарашаға қараған түні денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылды. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі өкілі Карима Аманқұлова хабарлайды.
«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді өкіл.
Қазіргі таңда аталған іске қатысы бар күдікті қамауға алынған. Бірақ оның аты мен фамилиясы жарияланбай отыр. Ішкі істер министрлігі ұсталған азаматқа қатысты шұғыл-тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.