Облыстан Алматыға кімдер кіре алады? Әкімдік жауап берді — Қазақстан жаңалықтары
Барлық блок-бекеттер төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін де жұмысын жалғастырады. Қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындардың қызметкерлері қалаға кіре алады.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.
«Қозғалыс шектеулі, аймақ тұрғындарының ішінен жұмыс күшін тартуға рұқсат етіледі. Бұған дейін қызметіне рұқсат берілген кәсіпорындардың қызметкерлеріне ғана рұқсат етілген», — деді Тұяқбаев.
Қызметкерлерді аймақтан қалаға шақыру үшін компания жетекшілері infoalmaty.kz арқылы өтініш беруі керек, онда қызметкерлердің ЖСН және егер бар болса, автомобильнөмірі көрсетілуі тиіс. Өтініш қабылданған соң полиция қызметкердің жеке куәлігін тексеру арқылы бақылау бекеттерінен өткізеді», — деді әкімнің орынбасары.
Сонымен қатар, ол өткізу пункттерінде шұғыл-тест немесе ПТР сынамаларының нәтижесінің талап етілмейтіндігін айтты, бірақ компанияға қызметкерлерін сынамадан өткізуді ұсынды. Ол сонымен бірге ертеңнен бастап ірі ұйымдарда қызметкерлер сынама тапсыратынын атап өтті.
stan.kz