Алматы жаңалықтары: облыс тұрғыны итін полицейлерге айтақтап жіберді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Оқиға салдарынан итке оқ атылып, жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының тұрғыны өзінің итін полицейлерге айтақтады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Алабай көшеде келе жатқан оқушыға тап берді — видео

Оқиға 2 мамыр күні түнде болған. 40 жастағы ер адам жанжал шығарған соң үйдегілер полиция шақырыпты. Тәртіп сақшылары үй иесін  сабырға шақырмақ болған. Алайда мас ер адам қарсылық танытып, тәртіп сақшыларына ит қосып, айтақтаған.

Полицейлер қару қолданып, алабайды жаралады. Ал жанжал шығарған ер адам осы сәтті пайдаланып, қашып кеткен. Оны полицейлер 7 мамыр күні қолға түсіріп, уақытша ұстау изолюторына қамады.

Тағы оқыңыз: Алматыда қабаған иттер екі жасар қызды шайнап тастады

Полиция қызметкерлері бұл жыл басынан бері болған мұндай екінші оқиға екенін айтады. Бұған дейін Текелі қаласының тұрғыны да полицейлерге итін айтақтаған. Олардың біреуіне медициналық көмек көрсетілді. Тәртіп бұзушы сот шешімімен қылмыстық жауапқа тартылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз