Өбекстанның хайуанаттар бағында аю қызметкерді тістеп, жұлмалап тастаған

0

Оқиға 3 қаңтарда Андижан облысының Ходжаабад ауданында болды. Жануар қоршауға кірген кезде жұмысшыға қарай жүгірген. Ер адам еттің бір бөлігін лақтырып, сыртқа шыққалы тұрған, бірақ аю ұрып-соғып, жәбірленушінің мойнын тістеп алды. Алған жарақаттарынан хайуанаттар бағының қызметкері сол жерде қайтыс болды.

Ер адам аюларға бір жылдан астам уақыт бойы қамқорлық жасағаны белгілі. Хайуанаттар бағының иелері болып табылатын «Усманабад Файзи» ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды.

http://t.me/orda_kz