О, тоба: мысық грузин әнін үйреніп алыпты

0
О, тоба: мысық грузин әнін үйреніп алыпты


Санкт-Петербургте грузин мақамымен ән шырқаған мысық видеоға түсіп қалды.

«Мысығым бір-екі грузин әнін үйреніп, айтып берді», — деп жазады мысықтың иесі Юрий Мережко.

Видеоға пікір қалдырған «білгіштердің» бірі мысықтың орындауында отырыстарда шырқалатын ән екенін атап өтті.

«Мысығыма тыңдатып едім, мені тамақ жейтін ыдысына алып барды. Отырыста айтылатын ән ғой деймін», — деп жазады желі қолданушысы Виктория Владимировна.

Тағы бірі әннің саяхат жайында екенін айтады: «Мысығым чемоданға алып барды. Бір аптадан соң Грузияға барғалы жатырмын», — дейді ол.