О дыбысы және әрпі, сауат ашу

0
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Мақсаты:
1) «О» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, дүние танымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қалта панолар, дыбыстық талдауға арналған көк, қызыл текшелер, жеке тапсырма карточкалары, сызба ережелер, баланың жұмыс дәптері.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар
Қос тілділік: орындық — стул, қой — баран, қоян — заяц.

Мотивациялық қозғаушы кезең
Шаттық шеңбер:
— Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым
Қайырлы күн, ұстазым!

Қайталау:
1. «Дыбыстың үйін тап» ойыны:
Мақсаты: баланың өткен дыбыстарды ажырата алуын дамыту.
Шарты: Балаларға кеспе әріптер көрсетіледі, балалар сол әріптерді, дыбыстарды дауысты, дауыссыз екендігін ажыратып, көк, қызыл үйге апарады.
2. «Қызықты кубикті» қолдана отырып, балаларға өткен дыбыстарды естеріне түсіріп, сол әріптерге байланысты сөздер айтқызу.

Ұйымдастыру ізденушілік кезең
№1. Жұмбақ шешу
1. Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бір сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап — дайын,
Тік ұстап тұрар тақтайын.
Дұрыс айтасыңдар, кәне орындықтың орысшасын айтайықшы?
— орындық — стул

2. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
Дұрыс айтасыңдар, кәне қой сөзінің орысшасын айтайықшы?
Қой – баран

3. Сылдырдан қорқады,
Жүгіріп жортады.
Қоянның орысшасы қалай?
Қоян – заяц
Дұрыс айтасыңдар, кәне сөзінің орысшасын айтайықшы?
О дыбысы және әрпі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/