О дыбысы мен әрпі

0
135
Мектепалды даярлық тобының ашық сабағы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Сауат ашу және жазу
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: «О» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту;
Дамытушылық: сөз, сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын молайту, буындардан сөз құрау, сөзді буынға бөлу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ұлттық өнерімізді дәптерге баулу, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, нұсқау беру, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, слайд, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонаққа апайлар келіпті. Өзіміздің тәртіпті, тәрбиелі, ақылды, білімді балалар екенімізді көрсетіп, сабаққа қатысып отырамыз.
– Балалар, сауат ашу сабағынан не үйреніп жатырмыз? (жазу, оқу, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыс)
– Дыбыс дегеніміз не? (айтамыз, естиміз)
– Дыбысты немен таңбалаймыз? (әріппен)
– Әріп дегеніміз не? (жазамыз, көреміз, оқимыз)
– Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге)
– Қандай? (дауысты, дауыссыз)
– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? (қызыл)
– Дауыссыз дыбыстарды ше? (көк)
– Жақсы, ендеше өткен дыбыстарды еске түсіріп жіберейік, ол үшін түлкімен бірге алма ағашынан алма жинап көрейік. Дауысты, дауыссыздарды тауып, тиісті кәрзеңкеге саламыз.

3. Жаңа тақырып.
– Балалар, енді ертегі еліне саяхат жасап көрейік. ( Ендеше, экранға назар аударайық.)
– Қандай ертегіні көріп тұрмыз? («Бауырсақ» ертегісі)
– Қысқаша айтып беремін.
– Кейіпкерлерін атайды.
– Бұлар нелер? (жабайы аңдар)
– Олар қайда өмір сүреді? (орманда)
-«Орман» деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр? (О дыбысынан)
– Ендеше, бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
– Қане, бәріміз айтып көрейікші? (О – О – О) Енді алдымызда тұрған айнаға қарап, ерініміздің, тіліміздің қандай қызмет жасап тұрғанынын айтайықшы?
– Қалай айтылып тұр? (созылып, кедергіге ұшырамай еркін айтылып тұр)
– Демек, қандай дыбыс? (дауысты дыбыс)

Орман сөзін буынға бөліп, о дыбысының қай буында тұрғанын, неше дыбыс, неше әріп бар екенін сұрау
– Енді, ертегіге оралайық. Бауырсақ қиын жағдайға тап болыпты, қане, балалар көмектесеміз бе? (балалардың жауаптары)
– Аңдардың тапсырмалары бар екен, егерде сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, онда бауырсақты жіберем,- дейді.

1. Қоянның тапсырмасы:
«Орнын тап» ойынын ойнау. (Суретпен жұмыс)
Торғай, ою, ожау
Дыбыстық талдау жасау (3 – 4 баладан, өз текшелерімен жазғызу)

2. Қасқырдың тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс
– Ал, енді о дыбысының әріп таңбасымен танысамыз. Баспа және жазба түрімен таныстыру
Ауада жазу (жоғарыдан солға қарай имектеп төмен түсіреміз, сосын айналдырып жоғарыға апарып, қайта қосамыз 3рет)
Санау арқылы 3рет көрсетемін
Қандай затқа ұқсайтынын сұраймын.

Қаламды қолға аламыз,
Дәптерді қиғаш қоямыз.
Денемізді тік ұстап,
Әдемі етіп жазамыз.
– Енді, дәптеріміздегі нүктеленген кіші және үлкен әріпті бастырып шығамыз. (тақтаға өзім бастырып көрсетемін)

3. Аюдың тапсырмасы:
Сергіту жаттығуын жасау

4. Түлкінің тапсырмасы:
«Дүкен» ойынын ойнап жіберейік. Шарты: өзіне ұнаған ойыншығын сатып алады да, атын атап, қандай дыбыстан басталып тұрғанын, буынға бөліп, неше дыбыс, неше әріп бар екенін айтады.

5. – Балалар, өздеріңнің білімдеріңмен бауырсақты аман алып қалдыңдар. Енді, бауырсақпен бірге мына экрандағы жазылған буындарды, сөздерді оқып жіберейікші?
О – й ой ой т – ой той той
О – р ор ор т – ор тор тор
О – л ол ол т – ол тол тол
Ой – на ойна Ай – на Айна
Ой – ла ойла Ай – ша Айша
Жарайсыңдар, балалар! Бауырсақты аман алып қалғандарың үшін ата мен әже сендерге алғыстарын білдіріп жатыр.

6. Қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтап, бауырсақтың суретін беремін.
Благодар орта мектебі
Өткізген: Айтжанова А. Ж.
Тексерген: Исабекова А. Ш.
О дыбысы мен әрпі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/