Нығматуллиннің күйеу баласы «Қазэронавигация» компаниясының басшылығынан кетті

0

Бұл туралы ақпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің парақшасында пайда болды. Бектұровтың бұл қызметтен өз еркімен кеткені хабарланды.

«Ағымдағы жылдың 23 тамызында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бектұров Азат Ғаббасұлы өз өтініші бойынша қызметінен кетті».

Бектұров «Қазаэронавигацияны» 2014 жылдан бері басқарып келеді.  Еске салайық, бұған дейін «Қазаэронавигация» рейдерлік әрекет жасады деп айыпталып, Бектұровтың қайын атасы Нұрлан Нығматулин қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде танылған болатын.