Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды», — деп жазды мәжіліс төрағасы Twitter парақшасында.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2-қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды. pic.twitter.com/D7ABQn0IZ6
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) August 26, 2019
sputniknews.kz