Нығматулин депутаттармен санаспаған үкіметке шүйлікті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Мәжіліс спикерінің айтуынша, Қылмыстық кодексте есірткіні жарнамалайтындардың жауапкершілігін бөлек көрсетіп, жазасын қатаңдату керек

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин үкіметтің есірткіге қарсы күрес шаралары президенттің тапсырмасына қайшы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі мәжілістің пленарлы отырысында қылмыстық жазаны күшейту мәселесі қаралды. Осы орайда депутаттар есірткі саудасы үшін, соның ішінде, ондай заттарға жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту қажеттігін жеткізді. Ал спикер Нұрлан Нығматулин депутаттардың бұған дейінгі ұсыныстары қабылданбай қалғанын еске алды.

«Мемлекет басшысы жазаны күшейтуді тапсырды. Бірақ үкіметтің нұсқасында ондай күшейту жоқ. Біз 297-бап жайында айтып отырмыз. Онда электронды ресурстар арқылы есірткі заттарын сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Иә, дұрыс. Бірақ ол бап бойынша тек интернетке есірткі жарнамасын салатындар және әлеуметтік желілерде есірткінің жатқан жерін көрсететіндер жазаға тартылады. Ал «тарафаретчиктер», яғни ғимараттар мен шарбақтарға сурет салып, шартты белгі қалдыратындар жайында ештеңе жазылмаған», — деді Нығматуллин.

Тағы оқыңыз: «Аллаху әкбар, ақша жоқ!»: Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қылмыстық кодексте есірткі заттарын жарнамалайтындардың жауапкершілігін бөлек көрсету керек. Ал олардың жазасы қатал болуы шарт. Отырыс кезінде ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов пен бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осы ұсынысты қолдады. 

«Бір қызығы, қазір екі негізгі мемлекеттік органның басшылығы қолдап отыр. Онда неге сіздердің ведомстволарыңыз үкіметтің қорытындысымен келісіп, депутаттардың заңнаманы күшейтуге қатысты ұсыныстарын қабылдамады? Жалпы, парадокс болып тұр. Президент есірткіні таратқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Депутаттар осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар енгізді. Ал үкімет қылмыстық заңнаманы гуманизациялауды сылтау етіп, ол ұсыныстарды кері қайтарып отыр. Онымен ішкі істер министрлігі қалай келісті?», — деп сұрады Нығматуллин. 

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың сөзіне қарағанда, депутаттардың ұсыныстары назардан тыс қалмайды.

Тағы оқыңыз: «Ұятқа қаламыз»: министрдің сөзіне күмән келтірген депутат ашынып кетті

«Негізі, біз оның бәрін жұмыс тобының отырысында қарадық. Барлық мемлекеттік орган қолдады. Енді, редакциялық мәселелер қалды. Жұмыс тобында тағы да жетілдіретін боламыз», — деді Ахметжанов.



sputniknews.kz