Нұсқаулық: Су тасқынынан келтірілген залалдың орнын қалай толтырады?

0

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу ережелерін ұсынды. 

Материалдық залал шеккен зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

Келтірілген залалды өтеу туралы өтінішке: зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; табиғи сипаттағы ТЖ туындаған кезден бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.

Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді әкімдік зардап шегушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат бере отырып жүзеге асырады.

Материалдық залалды өтеу туралы өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыдан келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізеді. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды айқындайды, кейін жәбірленуші бағалау туралы есеппен танысуға тиіс. Бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін әкімдік үш жұмыс күні ішінде қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Зардап шеккендерге төлем шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

Фото: ҚР Үкіметінің суреті