Нұржан Әлтаев әрбір қазақстандықтың үні естілетін саяси жоба ұсынды

0
305
Сурет: https://www.facebook.com/profile.php?id=100027405638705

Экс-депутат Нұржан Әлтаев саяси бағдарлама жобасымен таныстырып, елді өзгерту үшін күш біріктіруге шақырды.

«Бүгін «El Tiregi» ӘДІЛЕТТІК ӘРІ ДАМУ ПАРТИЯСЫ жалпыхалықтың талқылауы үшін саяси бағдарлама жобасын жариялап отыр. Біз былтырдан бастап еліміздің өзекті проблемаларын ашық көтеріп келеміз. Тікелей эфирде жүргізілген «Елмен бірге талқылау» жобасы әлі күнге елдің есінде.

Аталған бірегей жоба аясында кез келген адам тікелей эфирге қосылып, өз ойын ашық айтуға және мәселенің шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде, еліміздің түпкір-түпкірінен мыңдаған адам ұсыныс айтып, хат жолдап, оның барлығы ортақ ойдың қазанына құйылды. El Tiregi барлық іс-шараларды халықпен бірге ұйымдастырды.

Біз үшін әрбір азаматтың ұсынысы, идеясы және пайымды пікірі ең құнды дүние деп есептейміз! Біз халық тарапынан түскен барлық өтініштерді, ұсыныстарды есепке алдық. Назарларыңызға ұсынылып отырған саяси бағдарлама жобасы халықтың мұң-мұқтажын ескере отырып әзірленді.

Платформаның толық нұсқасымен http://eltiregi.kz/dop сайтында таныса аласыздар. Оқыңыздар, танысыңыздар! Егер бағдарлама жобасына алып-қосар ойыңыз болса, [email protected] мекен-жайына жолдаңыз! Ақыл алтау, ой жетеу болған күрделі кезеңде бәріміз күш біріктіру керекпіз.

«Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайтынын» білесіздер. Бұл саяси бағдарлама жобасы ынтымақтасығымызды арттырады деп сенемін. Жарқын болашақтың жолын біз ұсынып отырмыз. Ал оны дұрыс қабылдап, біріге жұмыс істеуді сіздің еншіңізге қалдырдық.