Нұртөре Жүсіп – Қызылорда облысының Құрметті азаматы

0

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Айқын-Литер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрай Оразов «Құрмет» орденімен марапатталды. «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп Қызылорда облысының Құрметті азаматы атанды.

Нұрай Оразов филология ғылымдарының кандидаты, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы қызметтерін атқарған. Премьер-министр Кеңсесінің құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің кеңесшісі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры, Президент Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары,  Президенті Әкімшілігінің ақпараттық талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. Мәдениет және министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде, «Арна медиада» басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары, Ақпарат министрлігінің ақпарат жөніндегі вице-министрі қызметтерін атқарған.

Фото: Бағдат Есжанов 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп еңбек жолын Павлодар облыстық қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінен бастаған. Аталған газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1990-1996 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1996-2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Жастар басылымы Нұртөре Жүсіп басшылық еткен жылдары «Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болды. Сондай-ақ «Ақ жол Қазақстан», «Астана хабары», «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры  қызметтерін атқарған. 2008 жылдан республикалық «Айқын» газетінің Бас редакторы. Журналистика саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, Жазушылар одағы және Журналистер одағы, Баубек Бұлқышев, С.Сәдуақасов атындағы сыйлықтардың иегері, Қазақстанның құрметті журналисі атанды. Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті, Қазақстан Медиа-альянсы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен, «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталған. «Ең өткір публицист» аталымының жеңімпазы. Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы. «Біз кімнен кембіз?», «Қазақтың жаны», «Елес пен белес», «Тәуелсіздік лебі: ел мен жер», «Мың құмырсқа және біз» атты публицистикалық жинақтардың авторы.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын