Нұртас Айдарбеков: Қайратқа қарсы шығу — халыққа қарсы шыққанмен бірдей — Қазақстан жаңалықтары

0

Хит әнші Қайрат Нұртас сынның астында жиі қалады. Сынап-мінеп қана қоймай, аяғынан шалғысы келетіндердің басым бөлігі бір сахнаны бөлісіп жүрген өнердегі аға буын өкілдері екен. «Бірақ, Қайраттың басындағы бағымен ешкімнің таласуына құқы жоқ», дейді әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков. Бұл туралы ол Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.  

Қайрат Нұртас

«Бірақ, Қайраттың басындағы бақпен таласуға мына менің де қолымнан келмейді, сіздің де қолыңыздан келмейді. Басқаның да қолынан келмейді. Ол бақты құдай берген. Оны тек құдай ала алады басынан. Киімін шешіп алып қалуың мүмкін. Бағын кешіріңіз, ешкім ала алмайды», — дейді әншінің әкесі.

Әншіні қолдап отыратын көрермені бар. Сондықтан болар оны өз қуаныштарына жиі шақырады. Бүгінде Қайраттың тойдан алатын қаламақысы ауыз толтырып айтарлықтай. Осы арқылы ол ең қымбат әншілердің қатарына еніп отыр.   

«Бүгінгі таңда Қайраттың қаламақысы 9000 $. Оған қосымша қонақүйі, бизнес класс самолет әрі-бері, ішетін тамағы көмекшісіне эконом класс әрі-бері»,- дейді Нұртас Айдарбеков.

Кезінде Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырған Бибігүл Төлегенова «Қайрат – жер, ал біздің Димаш – көк» деп дүйім жұртты дүрліктірген еді. Тіпті, бұл пікір қоғамда үлкен дау туғызған болатын. Одан кейін шығармашылығына сын айтқандардың қатарында белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева және «Шаншар» театрының жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов болды. Әбдірайымовтың пікірінше, «Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ» екен.    

«Осы мен білетін үш буынға бөлінеді өнердегілер. Үлкен буын, орта, кіші буын. Сол үлкен буындағы кісілердің аттарын атамай-ақ қояйын.Соның үш, төртеуі Уәлибек ағамыз сияқты Қайраттың аяғынан шалғысы келген. Олардың барлығы, құдайға шүкір, өмір сүріп жатыр. Солардың ішінде келіп кешірім сұрағандары да бар. Айнұр Тұрсынбаева экраннан айтты ғой өзі бағдарламада. «Қайратқа қарсы шығу деген халыққа қарсы шығу» екенін, мен білмей қалыппын деді. Өзінің кінәсін мойындаған да ерлік. Адамдық қасиет. Рахмет, Айнұр қарындасыма»,- дейді Қайраттың әкесі. 

Қайратқа қарсы шығу халыққа қарсы шығумен тең.   

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

stan.kz