Нұртас Адамбайдың фильмі Лос-Анджелестегі кинофестивальде үш жүлде иеленді — Кино

0
153

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың «Лифт» фильмі Лос-Анджелестегі халықаралық Genrecelebration 2018 фестивалінде үш жүлдеге ие болды. Бұл туралы картина авторы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ура! Сүйінші! «Үздік драмалық фильм», «Үздік режиссура» және «Үздік операторлық жұмыс». Сондай-ақ, біз үздік монтаж үшін де жүлде алуымыз мүмкін. Дәл осыдан екі жыл бұрын осы фестивальде «Тараз» фильмі де жүлделі болған еді», — деп жазды Адамбай.

Режиссер осы фильмді түсіруге атсалысқандардың барлығын құттықтады.


«Лифт». © facebook