Нұртас Адамбайдың әйелдер жайлы пікірі елдің ашуын туғызды

0

Белгілі актер Нұртас Адамбайдың феминизмге деген көзқарасы мен отбасындағы әйел жауапкершілігі туралы сөзі Қазнетті ашуландырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі қазақстандық актер, бұрынғы КВНші Нұртас Адамбай блогер Бейбіт Әлібековтің сұрақтарына жауап берді. Нұртас Адамбайдың қатысуымен түсірілген фильмдерді жақсы көретін қауым көп болғанымен, сұхбат алушының сұрақтары да, актердің жауаптары әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.

Сұхбат алушы оның феминистерге деген сөзқарасын сұрады.

«Өкпе-реніш – Меннің көрінісі. Феминистер де солай. Ренжитін себеп іздеп жүретін, ренжу ұнайтын адамдар болады, феминистер де солай. Біздің елде феминизмге қатысты қандай мәселе болуы мүмкін? Біздің елдегі әйелдер – толыққұқылы адамдар. Біздің елде білім де алуға болады, жұмыс та істеуге болады, немен айналысу керектігі туралы ешкім ештеңе деп бұйырмайды. Феминизм деген тренд болғандықтан – сырттан келген дүние. Менің ойымша, біздің елде ежелден әйелдерге үлкен құрметпен қараған», — дейді Нұртас Адамбай.

«Билікте әйелдер аз сияқты», — деді блогер.

«Оларға билікке барудың қажеті де жоқ. Алла тағала бізді әртүрлі етіп: ер адамды бөлек мақсатта, әйелді бөлек мақсатта жаратты. Бірақ біреуін жоғары, біреуін төмен жаратты деп айтылмаған. Біз әртүрліміз, бар болғаны сол ғана. Ислам тұрғысынан алып қарағанда ер адам – отбасын қорғаушы, қауіпсіздігіне жауап беруші. Ал әйелдер үйге береке кіргізу үшін жаратылған. Екеуінің орындары ауысып кетсе – нәтиже дұрыс болмайдыі», — дейді Нұртас Адамбай.

«Әйел жұмыс істеуі керек пе?», — деп сұрады Бейбіт Әлібеков.

«Әрине, қаласа істей берсін. Ал олардың жалақысы туралы сараптап көрмедім, бірақ өзін бағалайтын, жоғары жалақы алатын әйелдерді білемін», — деді Нұртас Адамбай.

Facebook қолданушылары блогер мен актерді сынға алды.

«Бұл сұхбатты байыппен қарай алмаймын. Зайырлы қоғам емес, араб халифатына ұқсап барамыз», — деп жазды желі қолданушылары.