Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты іске қосылды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тұңғыш президенттің ресми порталы үш тілде жұмыс істейді, мұнда Елбасының қызметі туралы өзекті ақпараттар жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі  Елбасының ресми сайтын іске қосты.

«Достар, Тұңғыш президенттің ресми интернет-ресурсы Elbasy.kz іске қосылды. Жаңа сайтқа ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, осы жазбада қалдырыңыздар», — деп жазды Twitter-де Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Бұған дейін Айдос Үкібай жаңа порталға Нұрсұлтан Назарбаев баға беріп үлгергенін хабарлаған еді.  

​Сайтта ақпарат үш тілде – қазақша, орысша және ағылшынша жарияланады.

Қолданушылар Назарбаевтың кітаптары мен мақалалары, сөйлеген сөздері, жолдаулары мен сұқбаттарымен таныса алады. Сондай-ақ порталда медиагалерея орналастырылған.

Сайтта Тұңғыш президент қоры мен Тұңғыш президент кітапханасының жаңалықтары да жарияланады.   



sputniknews.kz