Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының отырысы басталды

0

2018 жылғы 13 қараша 15:00 40

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының отырысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елордада ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Астана клубының жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар



Astana Club сарапшылары қандай мәселелерді талқылауда

Шараға әлемнің 30 елінен экс-президенттер мен бұрынғы премьер-министрлер, бұрынғы сыртқы істер министрлері, Нобель сыйлығының лауреаты, геосаясат жөніндегі әлемдік бестеллерлердің авторлары және халықаралық қатынастар, геосаясат пен экономика бойынша сарапшылар сияқты 50-ге жуық спикер қатысуда.

Спикерлер қатарында Еуропалық комиссияның төрағасы (2004 — 2014) Жозе Мануэл Баррозу, Ауғанстан президенті (2001-2014) Хамид Карзай, МАГАТЭ-нің бас директоры (1997-2009), Мысыр елінің вице-президенті (2013), Нобель сыйлығының бейбітшілік бойынша лауреаты Мохаммед Эль-Барадеи,  Түркия премьер-министрі (2014-2016), Түркияның сыртқы істер министрі (2009-2014) Ахмет Дауытоғлы, Пәкістанның премьер-министрі (2004-2007) Шаукат Азиз, Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Бельгия премьер-министрі (2008, 2009-2011), IDEA халықаралық демократиялық институтының директоры Ив Летерм, Италия сыртқы істер министрі (2002-2004, 2008-2011) Франко Фраттини,  Австрия Сыртқы істер министрі (2000-2004) Бенита Ферреро-Вальднер, Бангладештің Сыртқы істер министрі (2007-2009) Ифтехар Чоудхури, Қырғыз Республикасының премьер-министрі (2014-2015) Джоомарт Оторбаев, Грузия премьер-министрі (2015-2018) Георгий Квирикашвилидің есімдерін атауға болады.

Айта кетейік, «Астана клубы» төртінші отырысының кешегі өткен арнайы сессиясы барысында «2019 жылы Еуразия үшін төніп тұрған әлемдік қауіптер рейтингі» атты халықаралық зерттеу нәтижесі көпшілік назарына ұсынылған болатын.