Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі қажылықта жүр (видео)

0

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі қажылық сапарында жүр. Айсұлтан Назарбаев Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаның жанында түскен видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz.

Дариға Назарбаеваның ұлы бұл сапарына қатысты ешқандай пікір білдірмеген. Видеода да ләм-мим деп тіл қатпайды. Тек өзінің Меккеде жүргенін көрсеткісі келген.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев соңғы кездері әлеуметтік желіде белсенді емес. Соңғы рет жыл басында төлқұжатын жоғалтып алғаны жайлы пост жазған.

Айсұлтан — Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Нағашы атасы билік басына келген соң бірнеше айдан кейін дүниеге келген. Оны көпшілік «елбасының сүйікті жиені» деп атап кеткен. Нағашы атасының тегін алған Айсұлтанның есімі де соған ұқсастырылып қойылған. Ол 2013 жылы «ҚазРомГаз» басшысы Қайрат Боранбаевтың қызын жар етіп алды. Бүгінде Амели есімді бір қызы бар.

stan.kz