Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің мемлекеттік телеарналарына сұхбат берді
Қазақстан Президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілші сауалдарына орай Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.
Сұхбат барысында Президент “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен “Бір белдеу, бір жол” бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.
Мемлекет басшысы жеке сұрақтарға да жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты ойын ортаға салды. Сұхбат желтоқсан айының басында “Россия-1” және “Россия-24” телеарналарынан көрсетіледі.