Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға барады

0

Қазақстан мен көрші елдің сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың алдағы сапарын талқылады

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын пысықтап жатыр. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбековке сілтеме жасап хабарлады.

«Біз бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қырғыз Республикасына жасайтын алдағы ресми сапарының күн тәртібін мазмұндық жағынан дайындап, толықтыру жөніндегі жоспарларымызды талқыладық», — деді Айдарбеков Астанада Қазақстан СІМ басшысымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Қазақстан сыртқы істер министрінің айтуынша, Назарбаев Қырғызстанға 2019 жылы барады.

Sputnik