Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентін ұлықтау рәсіміне қатысты (фото)

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қатысты. Бұл шарадан кадрларды тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің ұлықтау рәсіміне барды. 2022 жылғы 26 қараша», — делінген желіде жарияланған фото сипаттамасында.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті ретінде ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында ант қабылдап, президент қызметіне ресми түрде кірісті. Кейін мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды.