Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков бірқатар маңызды мәселені талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде — Sputnik. Елбасы мен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
Тараптар екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер де әңгімеге арқау болды.
Тағы оқыңыз: Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық ықпалдастығын екі елдің игілігі үшін одан әрі тереңдетуді және кеңейтуді қолдайтынын жеткізді.
sputniknews.kz