Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2018 жылғы 4 желтоқсан 18:10 157

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті.
Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.