Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен Алматыда көптеген мәселелер бар екенін білемін» — Қазақстан жаңалықтары
Қала басшысы Елбасына қаланың 2020 жылғы қаңтар айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және олардың одан әрі өсу перспективалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Сағынтаев Назарбаевқа өндірісті, құрылысты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы хабарлады.
Сонымен, Алматы қаласы әкімінің айтуынша, инвестициялар көлемі 2020 жылдың қаңтарында 43,2 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 22% құрады. Бөлшек сауда 7,5% -ға өсті. Ағымдағы жылдың алғашқы айында қалада 84,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 6,7% -ға көп.
Елбасы қала билігі жүргізіп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
«Өткен жыл жақсы көрсеткіштермен аяқталды. Алматы — Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Мен қалада көптеген мәселелер бар екенін білемін. Бірақ олар әрқашан болған. Бұл экология, көлік, шағын және орта бизнесті дамыту, көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері. Бұл проблемалар бізге бұрыннан белгілі. Оларды жүйелі түрде шешу маңызды,» — деді Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш президенті өсіп келе жатқан қалан тұрғындарын әлеуметтік нысандармен — ауруханалармен, мектептермен, балабақшалармен қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.
stan.kz