Нұрсұлтан Назарбаев: кез-келген қала, елді-мекен атауларын өзгерту заң шеңберінде қарастырылады — Қазақстан жаңалықтары

0

2016 жылы Президенттің атын еліміздің бас қаласына беру туралы ұсынысты парламент депутаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясын қабылдау кезінде айтқан еді. Сол кезде Н.Назарбаев қайта атау туралы мәселе оң шешімін табатыны туралы айтқан еді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Астана атауы туралы Елбасы не деді

«Мен осы тақырыпқа қатысты бірнеше рет айттым. Барлық жерде Нұр, Нұрлы деп жазуға  команданы мен  береді деп ойлайды.   Ал кеше Парламент,тіпті , Астананы менің есіміммен  атауы мүмкін деп деді.   Мен мұндай тапсырмалар айтпаймын және айтқан да емеспін. 25-жылдыққа қарсы біраз істер тындырдық.  Мақтануымыз керек. Біз көп нәрсе жасадық. Мен бір өзім бұл істердің үдесінен шыға алмас едім, егер қасымда сіздер болмасаңыздар.  Менің ойымша, бір адам ештеңе жасай алмайды. Барлық парламент мүшелеріне рахмет. Олар өз ісін жасады. Сондықтан мол табысқа кенелдік! Бір адам ештеңе жасай алмайды. Мен барлық парламентке және біздің дамуымыздың барлық кезеңдерін атап көрсеткен декларацияға рахмет айтқым келеді. Менің рөлімді көрсетті.  Әрине, адам ретінде маған бұл жағымды. Парламент-биліктің дербес бөлігі. Олар шешім қабылдауға, өз пікірін айтуға құқылы. Кез-келген мәселені, қалаларды, елді мекендерді қайта атау және т.б. мемлекет үшін, ел үшін қажет нәрсеге сәйкес шешетін боламыз. Бұл мәселенің сыртқы бөлігі. Мәселенің ішкі бөлігінің нақты нәтижелерімен айналысу керек, — деген елбасымыздың сөзі бүгінде жоққа шығып отырғандай.  Кез-келген қала, елді-мекен атауларын заң шеңберінде шешілетін болады деген сөзі шындыққа жанаспай тұр деп көпшілік қауым Астана қаласының жаңа атауына қарсылық білдіріп жатыр. 

Тағы да айта кетерлігі, Қазақстан астанасын 2013 жылы қайта атау ұсынылғанда , Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту керек деген пікір білдірген еді. Ал 2009 жылы Әзірбайжан елшісі Лятиф Гандилов Астананы Сұлтан-Атаға ауыстыруды ұсынып еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz