Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты — новости Казахстана

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев. Фото:ult.kz
Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.
«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», — делінген жеделхатта.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Индонезияда болған табиғат апатынан қаза тапқандар саны 280-нен асқан.
Сондай-ақ үйлер мен ғимараттар қираған.