Нұрсұлтан Назарбаев Хамид Карзаймен кездесті

0

2018 жылғы 13 қараша 18:38 37

Нұрсұлтан Назарбаев Хамид Карзаймен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ауған еліндегі қақтығыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.