Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

0

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Көлгінов тұңғыш президентке елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы баяндады.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевқа халықтың тұрмыс сапасын  жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Тағы оқыңыз: «Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін»: желіде Назарбаевтың сөзі тарады

Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.



sputniknews.kz