Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билік транзиті туралы айтты
9 сәуірде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Кездесуде Назарбаев Қазақстанда маңызды саяси өзгеріс болғанын айтты.
«Билік транзитін бейбіт жолмен тапсыру арқылы біз әлемге Конституция шеңберінде әрекет ететінімізді көрсеттік. Бұл маңызды оқиға болды. Алда сыртқы саясаттағы бағытымызды өзгертпеуіміз керек. Ең алдымен жақын көршілерімізбен қарым-қатынасқа назар аудару қажет» деді Назарбаев.
Сыртқы істер министрі Атамқұлов халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстанда болған саяси оқиғаны жоғары бағалағанын жеткізді.
Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.
9 сәуірде Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін хабарлады.
.