Нұрсәуле Сайлауова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды — Ел жаңалықтары

Нұрсәуле Сайлауова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Президент әкімшілігінің келісімімен және менің жарлығыммен, сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Сайлауова Нұрсәуле Сайлауқызының берген арызы бойынша атқарып отырған қызметінен босатылды», — деді Нұрлан Ноғаев өңір активімен өткен жиналыста.
Сайлауова 2017 жылдың соңында осы қызметке тағайындалған еді және әлеуметтік блокқа жетекшілік еткен.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz