Нұрқанат Ғайыпбаевтың соңғы хатын кім жариялағаны белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлер алдында жазған хатын жариялауға туыстарының өзі рұқсат бергенін мәлімдеген.
Бұл туралы ол бүгін мәжіліс кулуарынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.
Оның айтуынша, Конституцияға сай, Қазақстанда әрине заң бәріне ортақ. Журналистер бұл ретте одан кейбір істерге келгенде полиция «тергеу құпиясы» деп мүлде мәлімет бермейтінін, ал Ғайыпбаевтың өліміне қатысты жеке хатын бірден жарияп салғанының себебін сұраған.
«Біріншіден, Қазақстанның Конституциясына сай, заң бәріне ортақ. Ал, хатқа қатысты нақты жауабым бар. Хатты бізге туыстарының өзі беріп, жариялауға өздері келісті. Яғни, оны туыстарының келісімімен жария еттік. Алматы облысының полиция департаменті бұл мәліметке қатысты тез арада комментарий бергенін білесіздер», — деді Әділов.
фото: ашықдереккөз