#NurOtanPikir — «Нұр Отан» партиясының тек мемлекеттік тілдегі ғана #NurOtanPikir жаңа пікірталас алаңы
Фото: ©liter.kz
Еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында «Нұр Отан» партиясы тек мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін #NurOtanPikir жаңа пікірталас алаңын іске қосады.
#NurOtanPikir бірінші отырысының тақырыбы «Тәуелсіздігіміздің рухани негіздері» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында баяндалған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға арналады.
Ашық кездесуге спикерлер ретінде ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Нұртай Сәбильянов, саясаттанушы Айдос Сарым, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, сонымен қатар мемлекет қайраткері Шыңғыс Мұқан шақырылған. Іс-шара жүргізушісі – Халықаралық түрік академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
#NurOtanPikir пікірталас алаңы қазақстандықтардың рухани және ұлттық сана-сезімі, мемлекеттік тіл және ұлттық мәдениеттің даму мәселелеріне ерекше назар аударылатын заманауи форматтағы қазақстандық қоғамның ең өзекті тақырыптары бойынша пікірлермен алмасу үшін іске қосылады.
Ескертетін болсақ, «Нұр Отан» партиясы тұрақты негізде Facebook әлеуметтік желісіндегі партияның ресми парақшаларында тікелей эфирде таратылатын #NurOtanTrends және #NurOtanTalks сынды басқа да диалогтық платформаларды жүзеге асыруда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ