Нурмагомедовтің бапкері Хабибтің спорттық мансабының аяқталуы мүмкін екенін айтты

0

Хавьер Мендес күрескердің мансабының аяқтау туралы шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтты.

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хавьер Мендес Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың өлімінен кейін күрескердің болашағы туралы ойымен бөлісті.

Бұл туралы MMA on SiriusXM парақшасы жазды.

UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың жаттықтырушысы Хавьер Мендес әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың өлімінен кейін ресейлік күрескердің болашағы туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл жағдай қыркүйек айындағы ұрысқа қандай әсер ететінін тіпті елестете де алмаймын, өйткені бұл жігіттің ойында не барын елестете алмаймын.

Не істегісі келсе де, мен онымен бірге боламын. Ол менің қолдауыма зәру. Егер ол төбелескісі келсе, мен онымен біргемін. Егер ол мансабын аяқтауды шешсе, мен де оның жағында боламын.

Мен оның әкесінің мұрасын жалғастырғысы келетінін және өзін жақсы жаттықтырушы ретінде көретінін білемін» деді Хавьер Мендес.