Нурмагомедов пен Мейвезер жекпе-жегінің құны — миллиард доллар — Спорт

0

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында бокстан бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жекпе-жегінің сыйақысы қанша болуы мүмкін екенін бағамдап көрді. 

Кремлевтің ойынша, бұл шараның құны — миллиард доллар, алайда, бұл ресейлік және шетелдік демеушілерді тарту арқылы жинауға болатын сома.

«Хабиб Мейвезермен жұдырықтасатын болса, бұл әбден мүмкін. Жекпе-жектің жазда Мәскеуде, «Лужники» стадионында өтуі үшін бәрін жасаймыз. Бастысы демеушілер табу, біздің ғана компанияларды емес, еуропалық, америкалықтарды да тарту. Жекпе-жек өтсе, біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін жақсы. Шетелден қанша жанкүйер келетінін елестетесіз бе? Ал шетелдік инвестиция қанша болады? Хабиб пен Мейвезер жекпе-жегі барлығына қызықты. Өткізу құны жалпы миллиард доллар деген ойдамын. Бұл кіріс пен шығыс. Оның үстіне түсім боларына сенімдімін. Болған кезде көререміз. Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегіне демеуші болғандар да қатысқысы келеді деп ойлаймын. Өйткені жекпе-жек бүкіл әлемге көрсетіледі», — дейді Кремлев.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz